Әлеумет
Үкімет комиссиясының мүшелері Қордай ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындарымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2020
- 408
Үкімет комиссиясының мүшелері Қордай ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындарымен кездесті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасап. Кездесулерге Парламент Сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде Үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша бұдан кейінгі шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры алаңдатты.
«Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайтын болады», - деді вице-премьер.
Тұрғындар ауылдастарын сабырға, тәртіпті сақтауға шақырды.
«ҚР заңдары бар, құқық қорғау органдары бар - мұны басты назарға алу керек. Не болғанына объективті сараптау жасап, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы - қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау», - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
«Арманыма жеттім деп ойлаймын»
- Бүгін, 03:09
Шәкен Ниязбековтың шығармашылық мұрасы – ұлт мақтанышы
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




