Әлеумет
Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жазаланады - Президент
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2020
- 449
Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жазаланады - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап. «Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болған.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді.
«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Ал сенбі, 8 ақпанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізді. «8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды», - деді Ішкі істер министрі. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




