Жаһан
Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС прокат зауытының жұмысымен танысты
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2014
- 877
Мемлекет басшысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС прокат зауытының жұмысымен танысты
Қостанай облысындағы жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-да болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы металды өңдеу және қайта өңдеу, арматура жасау және ұсақ сортты прокаттар шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қазақстан Президентіне прокат жасайтын технологиялық желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы, сондай-ақ атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді.
«ЕвразКаспианСталь» ЖШС-ның Қостанай прокат зауыты темірбетонды конструкцияларды арматуралауға арналған ыстық илемді болат өндіреді. Кәсіпорынның қуаты - жылына 450 мың тонна, онда 250-ден астам адам жұмыс істейді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




