Әлеумет
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
- author «Ақ жол»
- 30 қаңтар, 2020
- 536
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді.
– Жоғары Сот Кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет, – деді Елбасы.
Өз кезегінде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.
– Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге, заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандары, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілігі мол, – деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




