Дүрлігуге негіз жоқ
«Шу темір жол станcасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен Қытай елінің екі азаматы пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді», - деген ақпарат кеше WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірген суреттермен бірге желдей есіп жұртшылыққа тарап кетті. Суреттерде дәрігерлердің арнайы костюмдер киіп пойызға қарай жүгіргені байқалады.
Осы орайда облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке жүгінсек, расында 29 қаңтарда вирусты инфекция белгілері бар Қытай Халық Республикасының екі азаматы «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойыздан түсіріліп, Шу орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде медициналық бақылауға алынған. Мамандар жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозын қойған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, бақылау кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмаған, емдерін қабылдауда. Сондықтан дүрлігуге негіз жоқ. Дегенмен осы вагонда болған жолаушылар 14 күн бойы тұрғылықты жерлері бойынша медициналық қызметкерлердің қатаң бақылауында болады.
«Аq jol-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
«Арманыма жеттім деп ойлаймын»
- Бүгін, 03:09
Шәкен Ниязбековтың шығармашылық мұрасы – ұлт мақтанышы
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




