Украинада бір коронавирус жұқтырған адам тіркелді
Киев бұл деректі растады.
Сурет : ВВС27 Қаңтар 2020, 16:57
Украинаның астанасы Киевте коронавирус жұқтырған бір науқас анықталып, бұл дерек расталды, деп хабарлайды Lenta.ru. "Украина денсаулық сақтау министрлігінің Киев қалалық зертханалық орталығы" мемлекеттік мекемесінің зерттеуі осындай нәтиже көрсетті.
Бұған дейін Ресейде жұқпалы аурудың белгілері бар 100-ден астам адам тексерілгендігі туралы хабарланған болатын. Олардың ешқайсысынан коронавирус табылған жоқ.
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80 адамға жетті, олардың барлығы Қытай азаматтары. Ал бұл вирус 2,7 мыңнан астам адамнан тіркелген. Қытайдан басқа Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және АҚШ-та жұқтыру оқиғалары тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




