Бразилияда су тасқыны болып, 30 адам мерт болды
БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Бразиялияның Минас-Жейрас штатындағы қатты жауын-шашын мен соның салдарынан болған су тасқыны кезінде 30 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil-ге сілтеме жасап. Бразилияның Азаматтық қорғаныс Ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, табиғат апатынан мерт болғандар саны сенбі күні 25 болып, жексенбі таңертең 30-ға жетті. Одан бөлек, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, жеті адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. 2 500-нан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Белу-Оризонти штатының астанасында бейсенбіден жұмаға дейін, 1910 жылы бақылау басталғалы болмаған рекордтық мөлшердегі жауын-шашын – 171 миллиметрден көп түскен.
Синоптиктердің айтуынша, жексенбіден бастап жаңбыр мөлшері азая бастайды. Басқарма мәліметінше, штаттағы 9 қала мен Белу-Оризонти штатында көшкін жүру қаупі бар. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




