Президент Парламентке депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы өтініш жасады
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2014
- 730
Бүгін бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустан жазғы каникул мерзімін қысқартуды сұрады.
Сөз арасында Мемлекет басшысы Парламентте жұмыс ауқымы артып келетінін атап өтті. «Өмірдің өзі бізді асықтыруда. Айналамыздағы, әлемдегі экономикалық жағдайлар, саяси ахуалдар шешімдерді тез қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Президент те, Үкімет те, Парламент те, жергілікті атқарушы органдар да ширақ болуы керек. Мұның бәрі табысты дамуды қамтамасыз етеді. Тұтқиылдан келетін экономикалық тәуекелдерге даяр болуымыз керек. ХХІ ғасырдағы қатерлер мемлекеттік биліктің барлық институтынан белсенділікті күнделікті талап етеді. Өзімнен бастап, атқарушы биліктің барлық тармағы күні-түні жұмыс істеп келеміз. Сондықтан да, Парламенттік корпусқа жыл барысындағы жазғы депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы өтініш жасаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы Парламенттегі «Нұр Отан» фракциясына осы мәселенің дұрыс шешімін жасауды тапсырып, депутаттық корпустың түсіністікпен қарайтынына сенім білдірді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




