Н.Назарбаев: Жергілікті әкімдерге бірқатар қызметтер беріледі
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2014
- 781
Жергілікті әкімдерге бірқатар қызметтер беріледі. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Әкімдіктерге өңірлік деңгейде барынша тиімді орындалатын қызметтерді беру қажет, ең алдымен жергілікті маңыздағы қызметтерді. Мұның тиімділігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл ретте, бір қызмет тек бір ғана мемлекеттік органға тиесілі болуы қажет, қайталау болмауы тиіс. Орталық мемлекеттік органдар заңнаманың барлық нормаларының орындалуына бақылау мен қадағалаудың сапасы төмендемеуін қадағалауы керек», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, ауыл шаруашылығы бойынша жергілікті органдардың өкілеттік шоғырын кеңейту қажет. Сонымен қатар ветеринарлық бақылау саласындағы қызметтерді және штат пен мамандарды әкімдіктерге беріп, олардың нығаюын қамтамасыз ету маңызды.
«Халықты жылумен жабдықтау саласындағы қызметтерді көрсетумен байланысты жекелеген функцияларды әкімдердің жүргізуіне ауыртпалықсыз беру қажет. Мәселен, жылумен жабдықтау нысандарының жұмысын жүргізу мәселесі, жылу беру маусымына дайындық толығымен жергілікті әкімнің қолында болуы тиіс. Бұған қоса, жергілікті органдарға қызметтер беру - бұл оларға зор өкілеттік жүктеу ғана емес», - деді Елбасы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




