Көп бала көгергенімізге жақсы
Биыл облысымызда бала туу көрсеткіші көбейіп, тұрғындар қатары күрт өседі деп күтілуде. Ондай болжам жасауға негізгі себеп – жыл басталған сәттен бастап сәбилердің көптеп өмірге келуі болып отыр.
Нақты деректерге сүйенсек, 1-8 қаңтар күндері аралығында облыста жалпы саны 480 бала дүниеге келсе, оның 314-і Тараз қаласында туылған. Олардың қатарында үш егіз және бір үшем бар.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, жаңа жыл қарсаңында, яғни желтоқсанның 31-нен қаңтар айының 1-іне қараған түні облыста 62 сәби жарық дүние есігін ашса, көршілес Қызылордада – 39, Алматыда – 25, ал елордамыз Нұр-Сұлтанда 24 сәби туылған.
– Жыл басында ең бірінші болып 4 келі 260 грамдық ер бала дүниеге келді. Артынша өзге де аналар ұл мен қызды өмірге әкеліп жатты. Осы уақытқа дейін біздің орталықта күніне 15 сәби дүниеге келген. Өткен жылы барлығы 7035 бала туылды. Биыл бұл көрсеткіш еселеп артады деген ойдамыз, – дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева.
Айта кетейік, жыл басынан бері қаңтар айының 17-інші жұлдызына дейін облыста барлығы 1068 бала дүниеге келген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1010 болған.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
«Арманыма жеттім деп ойлаймын»
- Бүгін, 03:09
Шәкен Ниязбековтың шығармашылық мұрасы – ұлт мақтанышы
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




