«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Н. Назарбаев: Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды еш қысқартпайды

Н. Назарбаев: Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды еш қысқартпайды
ашық дереккөз
Н. Назарбаев: Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды еш қысқартпайды

Қандай жағдай орын алмасын, Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді еш қысқартпайды. Бүгін бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясын ашылу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Тұтқиылдан пайда болатын тәуекелдерді, геосаясаттың өзгеруін, сонымен бірге туындайтын жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, экономикалық саясатты қалыптастыруға тиіспіз. Ең бастысы қол жеткен даму деңгейін сақтап қалу, өндірістік құлдыруды болдырмау, жұртшылықтың әлеуметтік көңіл-күйін түсіруге жол бермеу маңызды. Бұл орталық органдардың ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдіктердің маңызды міндеті болмақ», - деді Президент.

Бұл ретте әлемдік нарық жағдайында Қазақстанның экспорттық тауарларына бағаның құбылып тұрғанын еске сала келе, бұның ел бюджетіне барынша сезіліп отырғанын тілге тиек етті.

«Ресейге қатысты және Ресейдің батысқа қарсы санкциялары да Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Біз ондай қысымдардан айналып өте алмаймыз. Дегенмен, Үкімет бүгінгі күні бұл мәселемен барынша айналысуда. Орын алуы  ықтимал оқиғалардың бірнеше нұсқасы, біздің «жауаптарымыз» болуы шарт. Дегенмен, Қазақстан үшін «қорқынышты» ешнәрсе жоқ, бізде орнықтылық бар, мүмкіндігіміз, тиісті резервтер жеткілікті. Үкімет экономика дамуының оптимистік және пессимистік сценарийлерін, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктер әзірлеп жатыр. Жалпы, дамудың қандай сценарийі орын алмасын, Үкіметке мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруды еш қысқартпау туралы тапсырма жүктелді. Бұл үшін, халықтың  орнықты әл-ауқатын қамтамасыз етуде бізде қажетті  ресурстар баршылық», - деді Н. Назарбаев.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар