Жаһан
Елбасы Астанада жаңадан ашылған №75 көпсалалы мектеп-гимназиясында болды
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2014
- 567
Елбасы Астанада жаңадан ашылған №75 көпсалалы мектеп-гимназиясында болды
Бүгін Білім күнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Есілдің Сол жағалауында есігін ашқан №75 көпсалалы жаңа мектеп-гимназиясында болды.
«Біздің елімізде 7600 мектепке 2 млн. 600 мың бала партаға отыратын болады. Ең қуантатыны - 1 қыркүйекте 300 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Олардың саны былтырмен салыстырғанда жетпіс мыңға артық. Бұған ерекше қуанамыз, себебі, жастарымыз, халқымыздың саны өсіп келе жатыр», - деді Президент.
Мемлекет басшысы болған жаңа №75 мектеп-гимназиясында 1300 оқушы білім алатын болады. Білім ордасы заманауи техникалық қондырғылармен, мәжіліс залымен, 56 сынып бөлмесімен, электронды абономенттік кітапханамен жабдықталған.
Айта кетейік, елордада 2014-2015 оқу жылында 103 мыңнан астам бала білім алады. Оның ішінде 13 мыңға жуығы бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндер. Өткен жылы қаладағы оқушылардың жалпы саны 94 712-ні құраған болатын. Бүгін Астанада бес жаңа мектеп қолданысқа берілді. Сонымен қатар жылдың соңына дейін қосымша 8 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде балалар саны шамадан тыс мектептер мен үш ауысымдық оқу жүйесін реттейтін болады.
Жаңа оқу жылында елордада 11 856 педагог қызмет атқаратын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




