«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Президент Қарағанды облысы әкімінің не үшін қызметінен босатылғанын айтты

Президент Қарағанды облысы әкімінің не үшін қызметінен босатылғанын айтты
ашық дереккөз
Президент Қарағанды облысы әкімінің не үшін қызметінен босатылғанын айтты

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев жер қатынастары мәселесінде заңсыз әрекеттермен айналысқаны үшін отставкаға жіберілді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Биылғы көктемде бір топ кәсіпкер менің атыма хат жазып, облыс басшылығының жер қатынастарындағы заңсыз әрекеттерін тоқтатуды сұрады. Осыған байланысты арнайы комиссия жіберілді. Тексеріс нәтижесі бойынша, өлке басшыларының аффилирленген «ТЛК Караганды» фирмасына қаладан барлығы 49 га болатын 7 жер телімі бөлінгені анықталды», -деді Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының жұртшылық өкілдері және кәсіпкерлермен өткен кездесуде. «Жер телімдерін беру кезінде өрескел заң бұзылған», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде «KZ Групп» деген тағы бір фирма туралы айтты. Ол фирма 11 жер телімін жеке тұрғын үй құрылысын салуға алып, ештеңе салмастан, қайта сатып жіберген.

«Жаңа қала» жобасын бекіту кезінде әкімдік жер телімдерін шағын және орта бизнес өкілдерінен тартып алу үшін түрлі схемалар ойлап тапқан», - деді Н. Назарбаев.

Тексеріс материалдары қаржы полициясына тапсырылды. Елбасы осы заңбұзушылақтарды соңына дейін тексеруді міндеттеді.

«Осы үшін мен бұрынғы әкімді орнынан алып тастадым, осыны біліп жүріңдер. Мұндай бассыздық болып жатқанда, ол қалайша осында бұйрық беріп отыра береді?!» - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметінен 2014 жылдың 20 маусымда босатылған болатын. Ол өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берген. Облыс әкімі болып бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті Н. Назарбаев 30 тамызда жұмыс сапарымен Қарағанды облысын аралады. Сапар барысында Мемлекет басшысы жаңа салынған спорт клубында облыстың бетке ұстар спортшыларымен кездесті. Осыдан кейін Президент «Сарыарқа» АЭА-на барып, ондағы екі кәсіпорынның жұмысымен танысты, сондай-ақ, қоғаммен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кеште Н.Назарбаев «Шахтер» стадионында Қарағандының 80 жылдығы мен Шахтерлер күніне арналған мерекелік шараға қатысты.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар