Елбасы Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды - Ә.Жақсыбеков
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2014
- 817
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды. Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан еліміздің Конституция күніне арналған «Конституция: Тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков білдірді.
«Конституция - еліміздің Негізгі заңы, мемлекеттің басты құжаты. Ата заңда мемлекеттің қалыптасу бағыттары көрсетілген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айтылған. Барлық демократиялық нормалар мен әлемдік талаптар қарастырылған. Халықтың өзі қабылдаған бұл Конституция елдің дамуына жол ашты. Елбасы Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды», - деді ол.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, Ата заңымыздың арқасында елімізде бірлік пен қоғамдық татулық орнады, экономика мен демократия дамыды. Отандастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптасты.
«Ең бастысы, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылды. Сондықтан да Конституция күні еліміздің ең үлкен мерекелерінің бірі саналады», - деді Ә.Жақсыбеков.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




