Әлеумет
Қырғызстандық депутаттың әулеті бірнеше БАҚ-ты сотқа берді
- author «Ақ жол»
- 13 желтоқсан, 2019
- 543
Қырғызстандық депутаттың әулеті бірнеше БАҚ-ты сотқа берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Матраимовтар әулеті Азаттық радиосының Қырғыз қызметін, осы медианың журналисі Али Токтакуновты, Kloop.kg және 24.kg сайтын "іскерлік беделіме нұқсан келтірді" деп сотқа берді.
Азаттық радиосының хабарлауына қарағанда, шағымданушының арызынан соң Бішкектегі Свердлов аудандық соты жауапкерлердің банктегі есепшоттарын бұғаттады. Матраимовтар басылымдардан 60 миллион сом (858 мың доллар) талап етеді.
Сотқа шағымданғандар:
Искендир Матраимов – Жогорку Кенеш депутаты
Райымбек Матримов - Искендир Матраимов ағасы, Кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары
Миновар Жумаева - Искендир Матраимовтың әйелі
Уулкан Тургунова – Райымбек Матраимовтың әйелі
"Исмаил Матраимов" атындағы қайырымдылық қорыАрызданушылар Азаттықтың Қырғыз қызметінен 22,5 млн сом; журналист Али Токтакуновтан 10 млн сом; 24.kg ақпарат агенттігінен 15 млн сом, Kloop.kg сайтынан 12,5 млн сом талап етіп отыр. Сот шешімімен осы сомаға бұғат қойылды. Азаттықтың Қырғыз қызметіне қызмет көрсететін банк 22,5 млн сомның бұғатталғанын растаған.
Сот анықтамасында Матраимовтар әулетінің не үшін шағым түсіргені жазылмаған. Бірақ осыдан біраз уақыт бұрын Райымбек Матраимов өзі жайлы зерттеу жариялаған журналистерді сотқа беретінін айтқан.
Азаттықтың Қырғыз қызметі жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге Қырғызстаннан заңсыз жолмен кемі 700 млн доллар қалай шығарылғаны туралы зерттеу материалының екінші бөлімін жариялады. Зерттеуде Райымбек Матраимовтың есімі аталады. Ол журналистердің зерттеуінде айтылған деректерді жоққа шығарады. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Райымбек Матраимовты екі рет тергеуге шақырған.
Азаттық радиосының хабарлауына қарағанда, шағымданушының арызынан соң Бішкектегі Свердлов аудандық соты жауапкерлердің банктегі есепшоттарын бұғаттады. Матраимовтар басылымдардан 60 миллион сом (858 мың доллар) талап етеді.
Сотқа шағымданғандар:
Искендир Матраимов – Жогорку Кенеш депутаты
Райымбек Матримов - Искендир Матраимов ағасы, Кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары
Миновар Жумаева - Искендир Матраимовтың әйелі
Уулкан Тургунова – Райымбек Матраимовтың әйелі
"Исмаил Матраимов" атындағы қайырымдылық қорыАрызданушылар Азаттықтың Қырғыз қызметінен 22,5 млн сом; журналист Али Токтакуновтан 10 млн сом; 24.kg ақпарат агенттігінен 15 млн сом, Kloop.kg сайтынан 12,5 млн сом талап етіп отыр. Сот шешімімен осы сомаға бұғат қойылды. Азаттықтың Қырғыз қызметіне қызмет көрсететін банк 22,5 млн сомның бұғатталғанын растаған.
Сот анықтамасында Матраимовтар әулетінің не үшін шағым түсіргені жазылмаған. Бірақ осыдан біраз уақыт бұрын Райымбек Матраимов өзі жайлы зерттеу жариялаған журналистерді сотқа беретінін айтқан.
Азаттықтың Қырғыз қызметі жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге Қырғызстаннан заңсыз жолмен кемі 700 млн доллар қалай шығарылғаны туралы зерттеу материалының екінші бөлімін жариялады. Зерттеуде Райымбек Матраимовтың есімі аталады. Ол журналистердің зерттеуінде айтылған деректерді жоққа шығарады. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Райымбек Матраимовты екі рет тергеуге шақырған. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




