Әлеумет
Ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2019
- 510
Ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді
Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады.
Кездесу барысында Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтынын айтты.
Сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Партия басшысы Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысына «Ауыл» партиясының төрағасы тарапынан ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




