Қазақта «келіннің бетін кім ашса, сол – ыстық» деген бар ғой. «Aq jol» мен үшін сондай. 1977 жылы, яғни университетті бітірерден бір жыл бұрын осында тәжірибеден өтуге келіп, соңынан қызметте қалып қойғанмын. Содан бергі 42 жылда облыстың бас басылымынан қол үзген емеспін. Соның 10 жылында осы газет редакциясында қызмет атқардым.
«Aq jol» – тақырыбының әр алуандығымен ерекше, «Aq jol» – бастамашылдығымен ерекше, «Aq jol» – батылдығымен ерекше. Облыс айнасының бетінен өңірге қатысты, тіпті өмірге қатысты мәселенің барлығы туралы оқуға болады. Оның назарынан ешқандай сала тыс қалған емес. «Aq jol»-дың бастамасымен көтерілген көптеген мәселе шешіліп, ел игілігіне асқанына куә болған кездеріміз көп. Ал батылдығында шек жоқ. Халықтың сүйікті, құрметті асыл азаматтары Д.Қонаевтың, А.Асқаровтың басына бұлт үйірілгенде арашашы болған «Aq jol» ғой. Желтоқсан оқиғасы туралы да бүкіл республикада алғашқы болып «Aq jol» үн қатты. Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің «Еркек тоқты – құрбандық» атты өлеңін биліктің бишігінен именбей жариялаған да – «Aq jol». Басылым тарихтың алтын көмбесін ашуда ерен еңбек сіңіріп келеді. Қазақ детективінің атасы Кемел Тоқаевтың Жамбыл баспасөзінде жұмыс істегенін «Aq jol» арқылы білді оқырман. Мен Нобель сыйлығының иегері болған қазақ туралы да «Aq jol»-дан оқыдым. Қайсыбірін айтайын, ел тарихына, өңір тарихына қатысты «Aq jol» алғашқы сүйінші сұраған оқиғалар көп-ақ. Тарихи тақырыпты қаузауда журналистер ізденісі қуантады. Осы қалпыңнан айныма, осы бетіңнен тайма, «Aq jol»-ым! Осындай жан-жақты басылымға жазылған адам ұтылмайтынын ұмытпасын!
Болат ЖАППАРОВ,ардагер журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




