Сәмен ҚҰЛБАРАҚ,М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Ғасырға жуық тарихы бар «Аq jol» газетінің тың тынысы мен жаңашыл бастамасына үн қосуды ойлаған әр оқырман өз танымы мен өзі куә болған жайттарды бөліскісі келетіні анық. Менің осы басылыммен байланыстырып тұратын өзіндік естеліктерім бар. Себебі оның өткенінен өзімнің жастық шағымның ізін көремін.
Облыстық қазақ газетінің қара шаңырағында елімізге танымал болған талай мықты, талантты жазушылар мен ақындар жұмыс істеді. Тарланбоз ағаларымыздың аялы алақанының табы, қолтаңбасы мен ізі қалды. Аймақтың, ұлттың мәселесін өткір көтерген батыл да қарымды журналистер қызмет етті. Уақыт өтті, буын алмасты. Дей тұрғанмен, бүгінде де сол дәстүрдің айнымай жалғасып келе жатқанына қуанамын. Газеттің ең бір жақсы сипаты – ресми хабарламалармен шектеліп қалмайды. Өңірдің рухани өмірін, мәдениеті мен өнерінің жеткен биіктерін, шығармашыл талантты тұлғалары мен қайраткерлерін таратып жазады. Соған қарай көлемі де кеңейіп, оқырманның қызығушылығын арттыра түседі. Жылдар жылжып өткенде, өткеніңе қарайлап «Аq jol»-ды парақтасаң, өңіріміздің сол кездегі маңызды оқиғаларының бәрін табатыныңа шүбә жоқ. Басылым беттерінен жай ғана хабарлама емес, тынысы кең, ойлы мақалалар да көп жарияланады. Бұрын республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінен ғана табылатын тақырыптарды көбірек кездестіруге болады және онысы сүйсіндіреді де. Бұл – әрине, газет ұжымының қажырлы еңбегінің, ізденісінің жемісі деп білеміз.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді