Біздің облыстың бас басылымы – «Аq jol»-ға жұртшылықтың ықыласы айрықша. Ғасырға жуық тарихы оның елмен етене, өміршең әрі қажетті ақпарат құралы екенін дәлелдейді.
Өңірде қаламы ұшталған небір журналистің, ақын мен жазушының «Аq jol»-дың мектебінен өткені, осында олардың табанының ізі жатқаны, маңдай тері төгілгені де жасырын емес. Ата газетте мен де кейінгі жылдарда зейнет жасына дейін еңбек етіп, оның жарыққа шығуына өз үлесімді қостым. Мен бірақ өзімді ең бірінші кезекте «Аq jol»-дың адал оқырманы ретінде қабылдаймын. Өйткені ондаған жылдар бойы оған үзіліссіз жазылып келемін және зейнетке шықсам да қол үзбедім. Үзбек емеспін. Өйткені бізге керектің бәрі осында. Өзімнің замандастарыма да, соңымнан ерген жастарға да айтарым, сауатты, білімді, замана көшінен қалмайтын зерек болғың келсе, «Аq jol»-ға жазыл!
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, Талас ауданының Құрметті азаматы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




