Әлеумет
Самбодан ӘЧ: Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті
- author «Ақ жол»
- 11 қараша, 2019
- 303
Самбодан ӘЧ: Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Самбодан ересектер арасында Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында мәреге жеткен әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 10 қараша күні тоғыз салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды.
Жамбыл облысының өкілі Ділдәш Құрышбаева 68 кг салмақта финалда алты дүркін әлем чемпионы, ресейлік Марина Мохнаткинаға есе жіберіп, екінші орынға көтерілді.
Ерлер арасында қарағандылық Рахат Жаңаниет 62 кг салмақта қола жүлдеге ие болды.
Жауынгерлік самбодан маңғыстаулық Нұркен Домбаев 52 кг салмақта соңғы бәсекеде ресейлік Родион Асканаковқа жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. 68 кг салмақта жамбылдық Ерлан Махмутов тағы бір қола жүлдеге қол жеткізді.
Командалық есепте жауынгерлік самбодан Қазақстан құрамасы Ресей мен Украинадан кейін үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша өткен жылы дүниежүзілік додада қос алтын алған қазақстандық самбошылар биылғы әлем чемпионатында 4 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жарыстың екінші күні қазақстандықтар екі қола жүлде алғанын жазған болатынбыз. Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




