«Aq jol» – менің ес білгелі қолымнан тастамай оқып келе жатқан газетім. Облыстың бас басылымы, әлбетте, жұрттың зейінін ашып, өресін арттыруға, өңір мен елде болып жатқан түрлі өзгерістерді қалтқысыз бақылап отыруға таптырмас құрал. Әр кездерде заман мен қоғам талабына сай өзінің аты мен ұстанымын өзгертіп отырғанымен, газетте өзгермеген бір қасиет бар. Ол – оқырмандарына адалдығы. Мен «Aq jol»-ды өрелі адамдардың газеті дер едім. Өйткені бұл басылымды басшылардан бастап, көзі қарақты ауыл адамына дейін оқиды. Әркім өзіне керегін тауып жататыны қуантады. Мысалы, газетте мұндаға дейін «Кеудесі жақсылардың – алтын сандық» айдарымен беріліп келген, Баттал Жаңабайұлының «Ой түбінде жатқан сөздері» газеттің ажарын ашқандығын айтқым келеді. Оқырманға ой саларлық ұлағатты сөздер әрбір адамға қажетті дүниелер. Бұл үрдісті кейінірек республикалық кейбір басылымдар да жалғастырып әкетті. Бұл дегеніңіз – басылымда бастамашыл азаматтардың жұмыс істейтінінің бір дәлелі. Әсіресе газеттің оқырмандармен етене жақын, тығыз байланыста жұмыс істейтіні, әрқашанда құшағын жая қарсы алып, жазған-сызғандарымызды жаратып, жариялап отырғаны қуантады. Демек, басылымның болашағы баянды, ғұмыры ұзақ болады деп санаймын. Өйткені оқырманын ұмытпаған, кері байланыс орната білген газеттің әрқашанда бағы басым.
Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




