Қоңыр күз түсті дегенше қай салада болмасын қарбалас тірлік басталады. Күздің алғашқы айының бірінші күні сан мыңдаған бүлдіршін мектеп табалдырғын аттайды. Коммуналдық мекемелер қаланы жылыту науқанына дайындаса, ауылдағы ағайындар отын-суын, төрт түлік малмен айналысатын шаруалар жемшөбін, қора-жайын қамдайды. Дихан қауымы үшін де жылдың бұл мезгілі жиын-теріннің қызатын шағы. Ал мерзімді басылымдарда еңбек ететін журналист-әріптестер болса ауыл аймақты, қаланы аралап, оқырмандарымен кездеседі. Алдағы жылы қолға алынатын тірліктерді баяндап, жүзеге асырылатын жаңа жобаларын таныстырады. Оқырмандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қандай тақырыптар қызықтыратынына назар аударады. Оларды өздерінің басылымдарынан қол үзбеуге шақырып, алдағы жылы да газетке жазылуға үндейді. Жылдағы қалыптасқан осындай дәстүр бойынша облыстық «Aq jol» газетінің басшылығы оқырмандармен кездесуін Жуалы ауданынан бастады.
Амангелді Әбіл
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




