Бүгінгі таңда ақпарат таратуда жеделдік үлкен маңызға ие. Осыған байланысты кейінгі жылдары сайттардың саны артуда. Мұны уақыттың талабы, қоғамның сұранысы десек болады. Өңіріміздің БАҚ кеңістігіне тағы бір электронды ақпарат құралы қосылды. Ол – «taraz24.kz» ғаламтор арнасы. Агенттіктің директоры – тележурналист Зарина Қуатова. Тараздағы «Бүркіт» мейрамханасында электронды ақпарат агенттігінің ашылу салтанаты өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова ашып, ғаламтор арнасының қадамына сәттілік тіледі. Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан, облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген, облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев және журналист Қуаныш Иембердиев сөз сөйлеп, жаңа ақпарат агенттігінің жұмысы жемісті болуына ниеттестіктерін білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




