Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» бірлесіп, «Тараз-Арена» спорт сарайында Ашық есік күнін өткізді. Әуелі аталған спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықов БАҚ өкілдерімен және ұйымдастырушылармен брифинг өткізіп, мекеменің мүмкіндіктері жөнінде айтып берді. Нысанда жыл сайын республикалық, халықаралық деңгейдегі бірнеше спорттық жарыстар өтіп тұратынына тоқталды. Мұнан соң журналистер мен іс-шараға қатысушылар осынау зәулім сарайды аралап көрді. Мекеме төрт қабаттан тұрады. Жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болса, оның 17 мың шаршы метрін спорт залдары құрайды. 12 спорт залында тәулігіне 2500 спортшының 5 ауысыммен жаттығу жасауға мүмкіндіктері бар. Әр залда спортшылардың киіну, жуыну, тынығу бөлмелері бөлек қарастырылған. Әмбебап залда бір мезгілде шағын футбол, баскетбол, волейбол ойындарын өткізуге болады. Бұл залдағы көреремендер отыратын орын 1200 адамға арналған. Ал қосымша тағы 600 көрерменді сыйдыру мүмкіндігі бар екен. БАҚ өкілдері бассейн, арбада билеу спорты, қол күрес, жаттығу залдарын аралап көрді. Бессайыс түрлері өтетін орындармен де танысты. Спорт сарайының жаттығу залдарына 1 және 2 топтағы мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, мектеп оқушаларына жеңілдіктер қарастырылған. Ашық есік күнін мекеме басшысы Нұрлан Саурықов қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Е.Жаңабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді