Меркіліктер қызылша қазығын бастады
Күз – шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсірген дақылдарының өнімін жинап, еңбектерінің берекесіне кенелетін шағы. Бүгінде картоп, пияз, сәбіз егілген алқаптардың өнімі жиналып, алынуда. Сондай- ақ, өңірімізде қант қызылшасын жинау қауырт басталып кетті. Осынау дақыл түрін өсірумен айналысатын шаруашылықтар еңбеккерлері күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.
Биыл аймақта 5,6 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егілген болатын. Тәтті түбір жинауды Меркі ауданының диқандары бірінші болып бастады. Ауданда балтамыр 2 мың гектар жерге егілген. Осыған байланысты Меркі қант зауытының ұжымы да өз жұмысына кірісіп, бағалы дақылдың алғашқы өнімдерін қабылдай бастады.
Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ,
журналист.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




