Совет Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ түрлі себептермен дәл сол марапат берілмеген, есімдері бұрындары бізге белгісіз болған 8 жамбылдық бар. Олар:
Алишев Шахан – Шу ауданы, Төле би ауылының тумасы; Каргулин Абдурахман Мухамеджанович – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған; Маматалиев Султан – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған; Рамазанов Ташан – Жамбыл аудандық әскери бөлімінен шақырылған, ұрпақтары Меркі ауданында тұрғаны туралы дерек бар; Джиенбаев Умбеткул – Байзақ ауданы, Ақжар ауылының тумасы; Айткулов Мусабек – Шу аудандық әскери бөлімінен шақырылған; Умикеев Ургалбай – Қордай аудандық әскери бөлімінен шақырылған; Искаков Султанбай – Шу ауданы, Ленин колхозының тумасы; Бұл 8 майдангердің есімі «Ерлік» мемориалдық кешенінде бар. Олардың 4-еуі туралы деректерді қазіргі таңда архив өз құжаттары бойынша жинап та қойды. Тіпті 3 майдангердің суреті де анықталды. Алайда әлі де деректері анықталмаған 4 майдангер бар. Архив қызметкерлері жамбылдық майдангерлердің тізімін жасау, «Erlik.kz» ақпараттық сайтына деректерін енгізуді 2018 жылдан бері, ал Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы зерттеу жұмыстарын 2012 жылдан бері жүргізіп келеді. Қазіргі таңда біз жоғарыда есімдері аталған майдангерлердің тағдырын анықтау мақсатымен ұрпақтарын іздестірудеміз. Жалпы Қазақстан бойынша мұндай 133 майдангердің есімін «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы анықтаған.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді