Шешім бар, қаулы жоқ
СОҢҒЫ УАҚЫТТА М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ТАРАЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БІРІГЕДІ ЕКЕН ДЕГЕН СӨЗ ШЫҚТЫ. ОСЫ РАС ПА?
Ақерке САТЫШЕВА,
Тараз қаласының тұрғыны.
Білім және ғылым министрлігі екі университетті қосу туралы шешім қабылдады. Бірақ Үкіметтің Қаулысы әлі шыққан жоқ. Елбасының тапсырмасына байланысты әр аймақта бір жетекші жоғары оқу орны болады. Біріктірудің негізінде материалдық-техникалық, оқу-зертханалық база дамиды, ғылыми потенциал өседі. Университет аймақтағы білімнің, ғылымның, мәдениеттің, рухани байлықтың орталығына, мемлекеттік жастар саясатының көшбасшысына айналады.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.
Білім және ғылым министрлігінің өкілі Тараз педагогикалық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірігеді деп айтқан болатын. Бірақ оның тұжырымдамасы әлі дайындалып, қол қойылған жоқ. Ресми түрде бұйрық шықпады. Нақты қаулы болса, бірігу үдерістері жүреді.
Сайын ҚҰРБАН,
Тараз мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




