ҚР Жоғарғы Сотында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2014
- 256
Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Салтанатты іс-шараны аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми шараға қатысушыларды алдағы мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.
«Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың ерік-жігерін көрсетті және мемлекеттің демократиялық құрылысының іргетасын қалады. Адам, оның негізгі құқықтары мен бостандықтары қоғамның басты құндылығы болып мойындалды. Қолданыстағы Конституция тәуелсіз Қазақстан қоғамының негізгі тірегі болды, ол уақыт талабына жауап береді және адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Ата Заңымыздың нормалары мен ережелері жылдар бойы өзекті болып қала беретініне кәміл сенемін» - деп атап өтті Қ.Мәми. Сонымен қатар, салтанатты жиында республиканың Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің хатшысы Сансызбек Райымбаев және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты шара Жоғарғы Сот судьялары мен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қызметкерлеріне марапаттар, айрықша белгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсыру рәсімімен жалғасты. ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьялары А.Баймұратоваға, В.Буловичке, Р.Есмағамбетовке, Ю.Пономоренкоға және А.Рысқалиевке сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі, көп жылдық жемісті еңбегі үшін «Сот жүйесінің ардагері» медалі тапсырылды. Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Михаил Бабушкин Жоғарғы Сот Төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Жоғарғы Сот судьялары В.Борисов, Ө.Қожабеков және А.Смолин көп жылдық, жемісті және мінсіз еңбегі, сот-құқықтық жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліне ие болды. Шара барысында республиканың Судьялар Одағы мен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті атынан да марапаттар тапсырылды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді