Көшеміз жөнделіп, көңіліміз көтеріліп қалды
Біздің Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Өмірбек Қабылов көшесіне жаңадан асфальт жол төселіп, тұрғындар қуанышында шек жоқ. Өткен жылы көшенің барлық тұрғындары өтініш жазып, аудан әкіміне хат жолдаған болатынбыз. Біздің өтінішімізге билік өкілдері түсіністікпен қарады. Соның арқасында шілде айының басында басталған жұмыс тамыз айының 28-і күні тап-тұйнақтай болып аяқталды. Өтінішімізге құлақ асып, ұсынысымызды қабыл алған азаматтарға Өмірбек Қабылов көшесі тұрғындарының айтар алғысы шексіз. Әкімдер әрқашан осылай халық тілегін орындай берсін демекпін.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ, Жамбыл ауылының тұрғыны, зейнеткер.
Меркі ауылы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




