«Нұр Отан» елордалық мемлекеттік органдардың сайттарын сынға алды
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2014
- 596
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов елордалық мемлекеттік органдар сайттарының контентін сынға алды.
Атап айтқанда, қалалық Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ол мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми сайттары арқылы ашықтық пен қолжетімділікті белсенді жүзеге асыру керектігін атап өтті. С. Ахметовтың пайымынша, осы бағыттағы жұмыстарда айтарлықтай кемшіліктер орын алып отыр.
«Мәселен, «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес Интернет-ресурстар ақпараттың белгілі бір көлемін қатаң түрде қамтуы тиіс. Алайда, Астананың бірқатар мекемелерінде, яғни мұрағаттар және ақпарат басқармасында, білім саласын бақылау департаментінде, сот актілерін орындау департаментінде, статистика департаментінде, дін істері бойынша басқармасында және басқаларында өтініш құжаттары үлгілерінің болмауы, «сұрақ-жауап» сервисінің жоқтығы, бос қызмет лауазымдары туралы мәліметтердің қамтылмауы секілді бағыттарда аталған заңнаманы бұзушылық анықталған. Сонымен қатар, ағымдағы жаңалықтар лентасын жаңарту жұмыстары дұрыс жүргізілмеуде»,- деді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




