Маржан РАҚАЙ
Жол полициясы қызметі сапасын арттыру мен жол қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз ету мақсатында арнайы автокөліктердің маңызы зор. Жуырда облыс әкімдігі тарапынан сала қызметкерлеріне арнайы 102 автокөлік берілді. Патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков табыс етті. Құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған автокөліктер енді ел игілігі жолында қызмет етеді. Осы жылдың шілде айында учаскелік инспекторларға 131 автокөлік берілген болатын. Ал 2020 жылы әрбір учаскелік полиция инспекторын көлікпен қамтамасыз ету жоспары да қарастырылған. Бұл – ең алдымен облыстың шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік бермек. Салтанатты шара барысында облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев құқық қорғау органдарына айтарлықтай қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




