Жаһан
Қазақстанда жұмыс берушілердің жартысына жуығы қызметкерлерді ғаламтордан іздейді
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2014
- 244
Қазақстанда жұмыс берушілердің жартысына жуығы қызметкерлерді ғаламтордан іздейді
Қазақстанда жұмыс берушілердің 48 пайызы қызметкерлерді интернет арқылы іздестіреді. Бұл туралы бүгін жұмыс берушілер мен түлектердің арасында жүргізілген сауалнаманың қортындыларына арналған брифингте "Кәсіпқор" холдингінің жастар ісі жөніндегі департаментінің директоры Тоғжан Жұмағұлова мәлім етті.
"Әлеуметтік сұраудың нәтижесінде жұмыс берушілердің 44,5 пайызы жоғары оқу орындарының түлектерді оқыту деңгейіне қанағаттанбайтындықтарын айтқан. 18 пайызы олардың білімдері заманауи талаптарға, экономиканың сұранысына жауап бермейді деп жауап берген. Бұл жұмыс берушілердің 63 пайызы жоғары оқу орындарында білім алған түлектердің деңгейіне қанағаттанбайды деген сөз", - дейді ол.
Оның айтуынша, мұндай ахуал жоғары оқу орындарының оқытушыларын және тәлімгерлерін ойландыруы тиіс. "Мүмкін олардың беріп жатқан білімдері жаман емес шығар, дегенмен олар жұмыс берушінің сұранысына сәйкес келмейді. Бұл мәселе жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің тығыз қарым-қатынасының арқасында шешілуі тиіс", - деп атап өтті Т.Жұмағұлова.
Сонымен қатар оның айтуынша, түлектер жұмысты интернет арқылы іздеуге машықтануы керек деп есептейді. Себебі жұмыс берушілердің көп бөлігі өзіне қажетті қызметкерлерді ғаламтормен табатын көрінеді.
"Жұмыс берушілердің 48 пайызы жұмысшыларды интернет арқылы іздейтіндігін баса айтқым келеді. Яғни түлектер үшін пайдалы ақпарат. Сонымен қатар жұмыс берушілердің 28 пайызы бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды тек өздерінің сайттары арқылы жариялайды. Іздеушілер үшін ыңғайлы емес. Бірақ түлектерге түрлі компаниялардың сайттарына кіріп, бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды сүзіп отыруы қажет", - деді ол.
"Кәсіпқор" жасаған әлеуметтік сауалнаманы елдегі жұмыс берушілер мен түлектердің мәселесін зерттеу және оны шешу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі пайдаланатын болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді