Ел өңірлерінен жемқорлықпен күрес бойынша ұсыныстар көптеп түсуде - Бауыржан Байбек
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2014
- 263
Бүгін елордалық Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының мәнін әрбір азаматтың түсінуі маңызды екендігін мәлімдеді.
Айта кетейік, партия аясында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын талқылау аяқталуда. Бұған дейін аталған құжат жобасы барлық бастауыш партия ұйымдарының, партия филиалдарының Саяси кеңестерінде, сарапшылардың және жұртшылықтың талқылауынан өткен болатын. Бүгінгі отырыста бағдарламаның жобасы талқыланды.
«Осы маңызды бағдарламаны талқылау кезінде жақсы әрі нақты ұсыныстар жасалып жатыр. Жалпы алты айдың ішінде арнайы құрылған жұмыс тобы, соның ішінде еліміздің беделді азаматтары, «Нұр Отан» фракциясының депутаттары, белгілі заңгерлер мен сарапшылар бұл құжатты талқылап, жобаны даярлап шығарды. «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын ашық талқылауға шығарып, оны халықпен бетпе-бет талқылап, жақсы қадам жасады. Осы орайда әрбір адам «жемқорлыққа қарсы шаралар тек мемлекеттің ісі емес, менің де ісім» деп ойлауы керек! Осы басымдықтар бағдарламада ескерілген», - деді Б. Байбек.
Оның сөзіне қарағанда, партияның сайтына және өңірлік филиалдарға аталған бағдарлама аясында жемқорлықпен күрес бойынша тың ұсыныстар көптеп жасалуда.
«Біз бұл бағдарламаға осындай үлкен қызығушылық болатынын болжағанбыз. Осы құжат қарапайым әрі түсінікті тілмен даярланған. Еліміздің әр азаматы бұл құжатты оқыған кезде оның мәні мен мазмұнын, идеологиясын түсінуі маңызды», - деді Б. Байбек.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді