Қазақстанда Эрмитаж филиалы ашылады
Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажының филиалы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайының 10 жылдығына арналған дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Жақында ғана Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саясатының тұжырымдамасын жасақтады. Онда басты назар мұражай ісінің дамуына да бөлінген. Шынында, біз мұражайлардың ғылыми-зерттеу жұмыстардың орталықтарына айналғандарын қалаймыз», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, осы тұста халықаралық тәжірибелер көптеп қолданылатын болады. Солардың бірі - Ресейдің мемлекеттік Эрмитажы.
«Ресейдің мемлекеттік Эрмитажының рөлі мен маңызына тоқталғым келеді. Себебі ол мұражай ісінің үздік әлемдік үлгісі. 7 желтоқсанда ол өзінің 250 жылдығын атап өтпек. Бізде Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажы филиалының ашылуы жөнінде мәселе қарастырылуда», - деді А.Мұхамедиұлы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




