Жаһан
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті - Нұрсұлтан Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2014
- 843
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті - Нұрсұлтан Назарбаев
Соңғы алты жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 66 жастан 71 жасқа дейін көтерілді.
Бұл туралы бүгін «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа темір жол тармағының ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз әйелдердің босануы кезінде қанша ана мен баладан айырылдық. Қазірде өлім-жітім күрт төмендеп, халық саны өсуде. Соңғы алты жылда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 66-дан 71-ге дейін көтерілді. Бұл тәуелсіздік алған жылдардан бергі экономикамыздың жеткен басты жетістіктерінің бірі деуге болады», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Президент төрт жыл бұрын 200 мың адам жүрекке ота жасатудың кезегінде тұрғандығын айтты. «Олар батыста ота жасату үшін 30 мың доллар таба алмады. Қазір облыс орталықтарында, ірі қалаларда сондай ота жасайтын кардиологиялық орталықтар салынды. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне араша болды», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




