"Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" екі жаңа теміржолдары пайдалануға берілуімен Жезқазған мен Арқалық қалалары жедел дамитын болады.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолдарының ашылу салтанатында айтты.
«Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желілері енді өңірдің келбетін танымастай өзгертеді. Бұдан былай Жезқазған көлік тұйығы болмайды. Бұл қаланы дамыту үшін өте маңызды. Арқалық та теміржол тұйығы болмайды. Бұл өңір тұрғындары үшін үлкен бақыт және үлкен оқиға. Енді ол республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасқан, деп атап өтті», - Мемлекет басшысы бүгін екі жолды пайдалануға беруді бастай келіп.
Президент жаңа тармақтар қашықтықты, аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімін қысқартатынын атап көрсетті.
«Біз теміржолдармен орасан үлкен еліміздің шығысын, орталығын, батысын, солтүстігін және оңтүстігін берік байланыстырдық. Елдің көлік өндірісінің бірлігі және қалыпты теміржол желісі құрылды. Бұл бизнес үшін, әсіресе өндірістік секторға жаңа тәртіп мүмкіндігі. Біз тасымалдарды оңайлатумен қатар осы жолдар салынған үлкен аймақтың ресурстық базасын айналысқа тартамыз. Оның үстіне қанша адам жұмысқа ие болады», - деп қосты Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




