Жаһан
Қазақстан тарихында алғаш рет екі жаңа теміржол магистральдарын салды - Нұрсұлтан Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2014
- 837
Қазақстан тарихында алғаш рет екі жаңа теміржол магистральдарын салды - Нұрсұлтан Назарбаев
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалысты бастап берді.
«Бүгін біз екі жаңа теміржол магистральдарын ашып отырмыз. Мұндай оқиға біздің тарихымызда болған жоқ. «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолдарының жұмысы бірнеше өңірдің, бүкіл республиканың өміріне ұзақ жылдар бойы және алдағы ондаған жылдарға қызмет етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде теміржолдар мен автомобиль жолдарының құрылысы тоқталған жоқ, «өйткені біздің еліміздің орасан зор аумағында көлік коммуникациясын дамытпайынша даму мүмкін емес», деп атап көрсетті.
Құрылыстың бастапқы нүктелері: Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосылу жаңа жолдармен жүк алып шыққан алғашқы пойыздардың аттануын көруге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




