«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды
ашық дереккөз
Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Алматыда КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевқа мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, әртістің зайыбы, ұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Опера әншісі Ермек Серкебаев 2013 жылы дүние салған болатын.

"Бұл үй (Бөгенбай батыр және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан - Авт.) ескерткіш тақта орнатуға әдейі таңдалды, біз ұзақ ойланып, кеңестік. Бұл жерде оның бүкіл ғұмыры өтті. Осы жерде "Қазақ радиосы" болды, Ермек онда диктор болды, кейін консерваторияны тәмамдады. Опера театрында жұмыс істеді. Бұл үйде Байғали дүниеге келді, оның да жастығы осында өтті. Ермекке деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін бәріңізге рақмет, сол құрметке қарап, Ермек өмірден өтпеген сияқты күйде боламыз. Ол бізбен бірге бола бермек", - деді әртістің жесірі Әлфия Байжанова.

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Ермек Серкебаевты қазақ мәдениетінің шетелдердегі елшісі санайтынын айтты. "Екеуіміз бір сахнада көп жыл жұмыс істедік. Ол әрқашан өзінің кемеңгерлігін көрсете білді", - деді ол. Мәдениет қайраткерлері Серкебаевтың қазақ елінің мәдениеті мен өнерін халықаралық деңгейге шығарған алғашқы адам екенін еске салды.

Ермек Серкебаев - операның көрнекті өкілі, педагог. Халық әртісі - Қазақ КСР және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Социалистік Еңбек Ері. Ол 2013 жылдың 16 қарашасында Алматыда ұзаққа созылған дертінен соң өмірден өтті.

Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар