Жаһан
Биыл елімізде 30 отбасылық сүтті-тауарлы ферма мен 30 сүт қабылдайтын бекет іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2014
- 294
Биыл елімізде 30 отбасылық сүтті-тауарлы ферма мен 30 сүт қабылдайтын бекет іске қосылады
Осы жылы елімізде 30 отбасылық сүтті-тауарлы ферма мен 30 сүт қабылдайтын бекет іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, ҚР Президенті Қазақстанның ет пен сүт өнімдерін шығару бойынша ірі аймақтық экспортерге айналуы тиістігін бірнеше рет атап өткен болатын.
«Елбасы өз Жолдауында рентабельділігі төмен дақылдарды өңдеуден көкөніс, майлы дақылдар мен жем-шөп өңдеуге көшу қажеттілігін де айтады. Елбасының осы тапсырмаларына сәйкес Қор 4 жаңа несиелік өнімді енгізді», - деп атап өтті ол.
Қор басшысының айтуынша, сүт саласын дамыту мақсатында отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құру және сүт қабылдайтын бекеттерді ашуға бағытталған «Ырыс» бағдарламасы әзірленіп, өз жұмысын бастады.
«Бұл бағдарлама фермерлерге техника мен технологияларды жаңартуға, сүтті асыл тұқымды мал сатып алуға, сүт қабылдау бекеттерін ашуға мүмкіндік береді. Жобаларды жүзеге асыру жеке шаруашылықтардан сүтті жинап, сүт өңдеушілердің қуаттылығын арттырып, инновациялық технологияларды пайдаланатын сүтті-тауарлы фермаларды құруға, олардың тиімділігі мен сүттің сапасын көтеруге, елімізге сүт өнімдерінің импортын азайтуға бағытталған. Осы жылы біз 30 отбасылық сүтті-тауарлы ферма мен 30 сүт қабылдайтын бекетті іске қосамыз деген жоспарымыз бар», - деді Н.Сарыбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді