Жаһан
Ә.Жақсыбеков атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу жөнінде кеңес өткізді
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2014
- 757
Ә.Жақсыбеков атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу жөнінде кеңес өткізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік жоспарын орындау мәселелеріне арналды.
Кеңеске қатысушылар еліміздің құқық қорғау және сот жүйелері қызметінің жаңа жағдайдағы нормативтік-құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады. Соның ішінде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жасау; қызметкерлерді жаппай қайта оқытуды ұйымдастыру, оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




