Қазақстанда бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін - «ҚазМұнайГаз»
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2014
- 796
Қазақстанда АИ-92 бензині 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін.
Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров мәлім етті.
«Біздің сарапшылық пікірімізге сәйкес, қазіргі таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, елімізде жүргізілген ұлттық теңге бағамының өзгеруі. Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді», - деді ол.
Дегенмен, ол бензин бағасының қашан көтерілетіндігін айта алмайтындығын жеткізді.
Ал «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ерболат Қожабаевтың сөзіне қарағанда, еліміздегі бензин бағасының қымбаттауын не болмаса арзандауын мемлекет реттейді.
«Үкіметтің шекті бағаны реттейтін қаулысы бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдардың бағаны көтеруге, түсіруге құқығы бар», - деді Е.Қожабаев.
Оның сөзіне қарағанда, АИ-92 бензинінің отыз пайызын Қазақстан Ресейден алып отыр. Ал көрші елде бұл бензиннің бағасы біршама көтеріліп отыр. Өйткені, Анжерск қаласындағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, өндіріс ошағы өз қызметін жыл соңына дейін тоқтатқан.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




