Мемлекет басшысы Алматы облысының әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2014
- 849
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Президент егіс алқаптарын тексеруді, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алуды, қант қызылшасының алқабын ұлғайтуды тапсырды.
- Қант қызылшасы сіздерде, Алматы облысында ғана өседі, егіс алқабын неге кеңейтпейсіздер? - деп сұрады Елбасы бұл өсімдік өсетін аудандардың әкімдерінен. - Зауыттардың бәрі жеке меншікке өтті, әрқайсысы өз шартын қояды. Шетелдік шикізат - қант қамысын қайта өңдейді. Керек болса жаңадан зауыттар саламыз.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қант қызылшасының алқабын кеңейту мен оны қайта өңдеуге кедергі келтіретін мәселелерді жақын арада анықтауды және оны шешуді талап етті.
«Ақ бұлақ», «Еңбекпен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламаларының жүзеге асуына ерекше мән беруді тапсырды.
- Тұрғындардың өмір сүру деңгейі осы бағдарламалардың сапалы жүзеге асуына байланысты. Сондықтан бұл жобаларға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы, әсіресе, 100 пайыз орындалуы тиіс инновациялық жобаларға айрықша тоқталды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




