ҚР Мәдениет және спорт министрі Бауыржан Жауынтаевты Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2014
- 762
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бауыржан Жауынтаевты Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы ІІ Олимпиада ойындарында дзюдодан алтын жүлде иеленуімен құттықтады.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында хабарланған.
Құттықтау жеделхатында: «Қымбатты Бауыржан! Сені жасөспірімдер арасындағы II Олимпиада ойындарындағы жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын! Сен жасөспірімдер арасындағы II Олимпиада ойындарында біздің құрама командаға алғашқы алтын медальды әкелдің. Бұл жетістік еліміздің миллиондаған азаматтары мен біздің жастар командасына сенген, үміт артқан жандар үшін қуанышты оқиға болды. Шиеленіскен тартысты бәсекеге қарамастан, сен нағыз спортшыға тән қайсарлық пен шеберлік таныта білдің. Егемен еліміз үшін, тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы үшін бойымызды шексіз мақтаныш сезімі кернейді. Бұл Нанкиндегі қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістерінің бастауы деп білемін. Біздің спортшыларымыздың шығар биігі әлі алда, олар Олимпиада эстафетасын сәтті аяқтайды деп сенемін. Біздің жаттықтырушыларды да спорттағы үлкен жетістіктерімен құттықтаймын. Қазақстандағы жастар спортын дамытуға қосқан еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз», - делінген. 
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




