Бүгінде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен кедергісіз байланыс орнатып, көмекке жүгінуіне еш кедергі жоқ. Себебі шаруасы қауырт тұрғындарға қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерге сабылмай, қажетті қызметті бір ғимараттың ішінен-ақ бітірулеріне мүмкіндік жасалып отыр. Оpen space форматында жұмыс істейтін «Сервистік әкімдік» тұрғындарға осындай мүмкіндіктер туғызуда. «Жамбыл – адалдық алаңы» аясында жүзеге асырылған жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасау және кедергісіз орта қалыптастыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен қолға алынған жоба Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған. «Сервистік әкімдік» кеңсесінде әкімдіктің жер қатынастары мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары қызмет көрсететін болады. Мұнда тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің 14 түрін алуға мүмкіндік жасалған. Қызметтерді электронды түрде алу мен электронды үкімет порталын қолданудың жолдары да үйретіледі. Сонымен қатар орган басшылары тұрғындармен бірге қызметтерді оңтайлы жүзеге асыру бағытында жиындар ұйымдастырмақ. Жұмыс кеңістігінің ерекшелігі – мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартатындығында. Мемлекеттік қызметшілер енді өздеріне жүктелген міндеттерді әдеттегі бюрократиялық жолмен шешпейді. Сондай-ақ қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Камила БОРАШОВА
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді