2015 жылдан бастап ҚР-ға тасымалданатын ұшақтар кедендік салықтарды төлеуден босатылды

2015 жылдан бастап ҚР-ға тасымалданатын ұшақтар кедендік салықтарды төлеуден босатылды
ашық дереккөз
2015 жылдан бастап ҚР-ға тасымалданатын ұшақтар кедендік салықтарды төлеуден босатылды

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, кеңесте Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан ары дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

«2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасына тасымалданатын ұшақтарға (LOPA сертификаты бойынша сыйымдылығы 90 орындық) кедендік салықтарды төлеуден босату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар жеңіл өнеркәсіптің жекелеген өнім түрлерінің таңбалану жүйесінің ұлттық компоненттерін әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұған қоса, отырысқа қатысушылар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы еркіш сауда аймағы туралы келісімді жасау пайдалылығы мәселелерін талқылады БЭК отырысының қорытындысында маторлы көлік құралдарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізілімін қалыптастыру және енгізу тәртібін бекітті.

Сондай-ақ отырыста Қырғызстанның КО мен БЭК-ке қосылу мәселесі қарастырылып, ЕАЭО сотын құру туралы баяндама тыңдалды.

Ақпарат көзі:  www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар