Қазір білім мекемелерінде ғана емес, баласы мектепке баратын әрбір отбасында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатқан кез. Оқушының керек-жарағын түгендеп берудің өзі ата-аналардың қалтасына аз салмақ түсірмейді. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларына қиын. Осыны ескерген аудан басшылары әлеуметтік қолдауға зәру жандардың тізімін анықтап, «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Шу қаласындағы «Сауда-сервис» орталығында өткізілген іс-шарада аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, кеңсе тауарлары мен киім-кешек үлестірілді. Нақтырақ айтсақ, 531 жеткіншекке демеушілердің көмегімен 3 миллион 254 мың теңгеден астам қаржыға, жергілікті бюджет есебінен 2 миллион 163 мыңдай қаражатқа 329 балғынға қыстық киімдер, спорттық және мектеп формалары сатып алынды. Қайырымды азаматтар 1 миллион 91 мың теңгеге 202 оқушыға, аудан, қала, ауыл мешіттері 164 мың теңгеге 25 балаға, 43 жеке кәсіпкер 494 мың теңгеден асатын ақшаға 70 жасөспірімге, 30 мектеп ұжымы 433 мың теңгеге107 жеткіншекке керек-жарағын әперіп, көмек көрсетті.
Жамила Ақберген.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«ZHAMBYL INVEST»-тің жұмысы мен жоспары қуантады
- 30 сәуір, 2026
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




