Тараздың орталық алаңында жастар заманауи би және әзіл сайысына түсті
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2014
- 212
Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Тараздың «Достық» орталық алаңында көңілділер мен тапқырлардың «Stand up Comedy Battle», сондай-ақ заманауи бишілердің «ВООМ-ВООМ-2014» атты фестивалін өткізді.
Жастар «брейк», «хаус», «хип-хоп», «локинг» би түрлерінен жарысқа түсті, - деді жастар саясаты басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев.
Бірінші кезеңде 24 өтініш білдірушілер «үй тапсырмасын» көрсетті. Екінші кезеңде қазылар шешімімен қатысушылардың жартысы ғана қатысты. «Баттл» және «заманауи би» номинациялары жеңімпаздарын әділқазылар алқасы анықтады.
Фестиваль қатысушылары күрделі тәсілдерді орындауда шеберлік танытты. Сөз жарыста өзекті жаңалықтар мен қазіргі өмірде болып жатқан құбылыстарды сөз етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты - жастардың көңілді уақыт өткізуі, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау, дарынды жастарға қолдау көрсету. Бұдан басқа, би өнері мен сөз сайыстары барысында ұйымдастырушылар өңірдің ең дарынды әзілкештер мен бишілерді анықтады.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, сертификаттар мен бағалы жүлделер табысталды. «Stand up Comedy Battle» үздігі жамбылдықтардың сүйікті «Шу-Чу» КТК командасы атанды. Үздік хипхоперлер де «Шу-Чу» командасынан шықты.
Шараға Тараз дәне облыс аудандары командалары, жастар қоғамдық ұйымдары, қала тұрғындары жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Зағип жандарға арналған жаңа кітаптар жарық көреді
- 9 қаңтар, 2025
Жарқын жеңістерден үмітіміз мол
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді