Елімізде ең көп тараған фамилия - Ахметов
Әділет министрлігі Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың тізімін ұсынды. Бірінші орында Ахметовтер тұр. Бір қызығы, ең танымал төрттікке Ким фамилиясы кіріп отыр. Олардың бүгінгі саны 37 мыңнан асатын көрінеді, деп жазады «Айқын» газеті.
Сонымен, Қазақстанда ең көп тараған фамилия - Ахметов екен. Еліміз бойынша 73 мыңнан астам адамның тегі - Ахметов. Екінші орында Оспанов фамилиясы. Оспановтардың саны елімізде 49 мыңнан асады. Ал үшінші орында Омаровтар. Қазақстанда олардың саны 45 мыңнан асады.
Кең тараған фамилиялардың бестігін Ивановтар тәмамдайды. 39 мың адам осы фамилияны иемденген. Сондай-ақ, тізім бойынша алдыңғы ондықтың ішіне, Әлиев, Сүлейменов, Ысқақов, Абдрахманов, Калиев сияқты фамилиялар енген.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




