Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
Табиғат-ананың өзі төрден орын берген, бекзада бабалар мөріне айналдырған қастерлі қызғалдақ гүлдерінің қауыз жарғаны биыл тағы Ұлы Далада ұлан-асыр мерекеге ұласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен ел аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жобасымен ұтымды ұштасқан «Қызғ...




