Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ, олардың ықтимал салдарларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сәйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі құпталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысын В.Путин өзінің Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті. Тараптардың қазіргі қиындықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мәселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастырғаны атап өтілді. Соңында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




